Баскесер бұзақы құрықталды
Қостанай ауд. Заречный кентіндегі белгісіз солдат ескерткішінің басын кесіп алған бұзақы ұсталды. Солдаттың басын металл қабылдау орнына өткізбек болған сотқар оңай олжаға кенелгісі келгені. 1991 жылы туған жігіт өз қылығын осылайша ақтап алмақ болыпты. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, оқиғаның себеп-салдарын анықтауға кірісті.