4-қабаттан құлап кетті
Оқыс жағдай 25 ақпанда Қостанайда болды. Бұл ақпаратты қалалық аурухананың травматология бөлімшесінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов растады, деп хабарлайды "Алау" тілшісі.
Дәрігердің мәліметінше, 58 жастағы әйел үйдің 4-қабатынан құлап кеткен.
"Ол құлау салдарынан бассүйегі қатты зақым алып, миына залал келген. Жапа шегушіге ота жасалды. Ол қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр", – дейді М.Әбілқасымова.