Баласының емі үшін қылмысқа барған
Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ҚР ҚК-нің 194 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен қарастырылған қылмыстық әрекет жасады деп айыпталып отырған 1994 жылы туған Р.Сиитовке қатысты қылмыстық іс түсті.
Қылмыстық іс материалдары бойынша, ол орталық жүйке жүйесінің түрлі ауруына шалдыққан 2014 жылы туған ұлын емдету үшін қаражат таппақ болады. Бірақ, оған ол қорқытып алу жолымен өзгенің ақшасын бопсалау арқылы қол жеткізуді ойлайды. Сөйтіп, өзінің қылмыстық ойын жүзеге асырмақ болған Сиитов 2015 жылдың 10 қарашасында жәбірленуші Ж.-ға 5 миллион теңге төлемеген жағдайда оның автокөлігін зақымдап, 1999 жылы туған немересіне зиянын келтіретіндігі туралы хат жазып, оны азаматшаның көлігінің әйнек тазалағышының астына бекітіп кетеді. 12 қарашада жәбірленуші Ж. хатты байқап, құқық қорғау органына жүгінген. Жедел-іздестіру шарасы барысында айыпталушы Сиитов жәбірленушіден 50 мың теңге алуы кезінде ұсталады.
Бұл іс бойынша сот отырысы жақын күндері тағайындалады.

Қарлығаш ОСПАНОВА