Игі жоба биік істерге жетелейді

Сарыкөл ауданындағы «Сенат» ЖШС 1999 жылы ашылған. Тәулігіне 150 тонна ұн шығаратын кәсіпорын 69 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. О баста өз қаржысы есебінен 235 млн.теңге шығарып, ұн комбинатының іргесін қалаған серіктестіктің жұмысы бүгінде әбден орныққан.Кәсіпорын жұмысымен танысқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетовке өндіріс ошағының басшысы  Сергей Пысенков көлденең килігіп тұрған ешбір мәселенің жоқтығын айтты.

DSCN2560

 

DSCN2547

 

DSCN2563

Аймақ басшысы аудандағы агробизнес және құқық колледжіне де аз-кем аялдады. Елу жылға жуық тарихы бар білім ордасы қазіргі кезде 680 оқушыға түрлі бағытта кәсіби білім береді. Яғни, фермерлік шаруашылық, тамақтану, агрономия, аудан және есеп, мал дәрігерлігі, дәнекерлеу тәрізді он шақты мамандыққа баулиды. Колледж бітірген түлектердің қай-қайсысы да жұмыссыз қалып жатқан жоқ. Өйткені, өңірде ауылшаруашылық мамандарына зәрулік байқалады. Облыс басшысы колледждің материалдық-техникалық базасын көрді. Студенттермен тілдесті.

DSCN2567

Сарыкөлдегі үшінші нысан- кентке тартылып жатқан ауыз су құбырының құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асып жатқан  құрылыс нысанының екінші кезеңі келесі жылы пайдалануға берілмек.Мердігерлер облыс басшысын құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырып, атқарылып жатқан істер туралы баяндап берді.

DSCN2571

Ал «Ақниет Инвест» ЖШС иелік етіп отырған астық қоймасы әзірге толық іске қосыла қоймапты. Десек те мұнда астық қабылдау жұмыстары қарқын алған. Жалпы, облыста мұндай астық қабылдау пункттері саусақпен санарлық.
Қарасу ауданындағы биогаз өндіретін кешен 2011 жылы іске қосылды. Елімізде ешбір баламасы жоқ өндіріс ошағы жылына 800 000 куб метр электр қуатын өндіруге қауқарлы. Мал қиын далаға дастамай, одан тоқ өндіріп отырған кәсіпорынның келешегі бедерлі. Әзірге ішкі сұранысты өтеп отырған кешен алдағы уақытта тұтас өңірді электрмен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

DSCN2549

Аудандағы ілкімді жобалардың бірі- «Қарасу-Ет» серіктестігі осыдан тоғыз жыл бұрын ашылған. Атағы алысқа кеткен өндіріс ошағы ет және ет өнімдерін сыртқы нарыққа да шығарады. Кәсіпорынның Қарасудағы базасында күніне жиырма бес қара мал, елу шақты қой және қырыққа тарта шошқа сойылады. Ірі қара мен қой халал әдісімен сойылады екен. Мұнда тек Қарасу ғана емес, облыстың өзге де аудандары мал тапсыратын көрінеді.

DSCN2562

Облыс әкімі аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне де кіре кетті. Оның жетістігіне көз жеткізді. Жаттығу залында әлемдік додаларда топ жарып жүрген спортшылармен әңгімелесті. Жалпы, Қарасу өңірі ел намысын абыройлы қорғап жүрген танымал спортшыларға кенде емес Өңірде әсіресе, пауэрлифтинг, футбол тәрізді спорт түрлері жақсы дамыған. Қарасу бойының жіәгіттері жыл сайын түрлі республикалық, халықаралық жарыстарда ол салып жүргенін айта кету ләзім.

DSCN2575

Айтпақшы, қос ауданды аралаған аймақ басшысы нысандарды аралай жүріп, ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен де кездесті. Онда облыс әкімі шаруаларды «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» алдындағы берешектерін өтеуге міндеттеді. Қарасулық диқандар корпорацияға 300 млн.теңге қарыз. «Жақын күндері бұдан құтылу керек. Өйткені, мемлекет жылда көмектесіп отырады. Әсіресе, іші шаруашылықтардың қарызға белшеден батуы ұят нәрсе»,-деп атап көрсетті А.Мұхамбетов.

DSCN2573

Кешқұрым Архимед Мұхамбетов жолай «Қарасу-Үлкен Чураковка» жол құрылысының барысын бақылады. Аудан мен облыс орталығын жалғап жатқан күре жолдың биыл сегіз шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс басшысы мердігерлерге ең бастысы сапаға мән беру қажеттігін ескертті.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген автор

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓