Маскүнемдікке қарсы семинар өтті

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған семинарда ішімдіктің залал-зардабы төңірегінде кеңінен ақпарат берілді. Оған әлеуметтік педагогтар мен нарколог дәрігерлер, жантанушылар қатысты. Маскүнемдік қашанда мемлекеттің назарында. Бірақ, жаман әдетті серік еткендермен  күресу оңайға түспей тұр. 

Alcohol Detox in Birmingham

Жеткіншектер арасында ішімдікпен әуестенушілер қатары азаяр емес. Әлеуметтік педагогтар, наркодиспансер дәрігерлері ұрпақ саулығын сақтап қалудың жолдарын жан-жақты талқылады.
Отбасыдағы берекесіздік те, қоғамдағы шарасыздықтың да бастауы – осы маскүнемдік. Рудный қаласындағы №3 мектепте  жантанушы болып жұмыс істейтін Надежда Сражатова жасөспірімдер теріс қылыққа бой алдырмас үшін оларға  жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауыр болуы керектігін сөз етті.  "Жеткіншектерге  ақыл айтып, жол көрсету басты міндетіміз" дейді жас маман. 
Жиылғандар сыраға "әншейін сусын" деп қарайтындар оның денсаулыққа зиян екенідігін, кейін маскүнемдікке алып келуі мүмкін екендігін ескере бермейтіндіктерін айтты. Салауатты өмір салтын  қалыптастыру орталығы мұрындық болған семинарда  жынды судың залал-зардабы төңірегінде кеңінен ақпарат берілді.
Жыл сайын әлемде, орта есеппен алғанда, күніне 3 млн.-нан астам адам  спирттік ішімдікті мөлшерден тыс тұтынудың салдарынан көз жұмады екен. Жастарды жаман әдеттен арылту үшін осындай семинарлардың көмегі зор екендігін айтып, сөз түйді.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓