Нан қымбаттады
Бүгіннен бастап, облыс көлемінде 600 граммдық бір бөлке нанның бағасы бес теңгеге қымбаттады. Ауылшаруашылық басқармасы келтірген ақпаратқа жүгінер болсақ, ас атасы нан бағасының көтерілуіне – энергия көздерінің қымбаттауы түрткі болған. Әлеуметтік сұранысы жоғары нанның бағасы бүгінде 51 теңге. Мамандар бағаның жаңа жылға дейін сақталатынын алға тартып отыр.