Студенттер қатарына өтті
Арқалық. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтында жастарды студенттер қатарына қабылдау салтанаты болып өтті. Кеш АрқМПИ ректоры С. Қуанышбаевтың жылы лебізімен басталды. Студенттік билетті бірінші курсқа түскен үздік студенттерге табыстау рәсімінен соң, Астанада өткен Серпін жастарының алғашқы құрылтайында АрқМПИ Серпін студенттерінің төрағасы болып сайланған Ж.М.Байденовқа «Білім кілті» ұсынылды. Кеш соңында жастарға би кеші ұйымдастырылды.