Аудан ардагерлері батыр баба рухына тағзым етті

Торғайдың бір саласы Өлкейіктің бойында “Хан” деген жер бар.  Оның бұлай аталуының себебінің өзі он томдық кітап десекте болады. Кешегі жаугершілік заманда Барақ сұлтан тыныш жатқан елдің ішінен бүлік шығарып,  бірді – бірге айдап салса керек. Оны естіген кіші жүз руының хас батыры Әбілқайыр қаһарланып, шағын қолмен жорыққа аттанады. Екі жасақ Өлкейіктің қырында бетпе – бет шайқасып, асыл зада Әбілқайыр сол жерде қаза тапқан. Қызыл қанға боялып, күңіреніп күй шерткен сол жер “Хан” деп аталып кеткен дейді тарихи деректер легі.

IMG_1151

“2012 жылы Ақтөбе облысының 80 жылдығына арналған “Тарихи-мәдени мұраларды зерттеу-зерделеу, қорғау және пайдалану мәселелері” атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинар – кеңесте қазіргі Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Әбілқайыр хан мүрдесін анықтау мәселесі туралы өз ойын ортаға салған. “Хан моласы” қорымын кешенді зерттеген Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы С.Әжіғали бастаған ғалымдардың ерен еңбегі зая кетпеген. Нәтижесінде Әбілқайыр хан мүрдесі анықталып, сол жерге ханға лайық ұрпаққа ұлағат болатында            кесене орнату мәселесі жайында сөз болған”, – деп жазады журналист Индира Өтеміс.

IMG_1108

Әбілқайыр ханға кесене орнату игілікті бастаманың құрылысы былтырғы жылы қолға алынып, биылғы қазақ хандығының 550 жылдығына орай тамаша тарту болды. Осыған орай аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин бастаған аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазин, аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров, аудандық соттың төрағасы Сабыр Тәжкенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов, Торғай ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жылқыбай Бәкіров, Сужарған ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенбай Ғабдуахитов, “Оспанқожа әулие” мешітінің бас имамы Аян Хасенов және еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері Әбілқайыр ханның кесенесіне барып құран бағыштап, батыр баба рухына тағзым етті.

IMG_1080

Заманауи талапқа сай бой көтерген кесененің биіктігі 15 метр. Ал үш жүздің елтаңбасы белгіленген мономенттің биіктігі 25 метр. Бұл екеуінің арасын арнайы тас жолдармен жалғасып салған. Көз тартарлықтай сәулеті келіскен кесене мен мономент анандайдан мен мұндалап, көкпен таласып тұр. Торғай мұражайлар кешенін директоры Гулбану Сәрсекеева зиялы қауым өкілдеріне Әбілқайыр ханның көзсіз мергендігі мен қайталанбас ерліктері жайлы әңгімелеп берді.

IMG_1102

Бұдан кейін олар Амангелді ауылдық округі мен Ақшығанық ауылдық округінің бірлесіп тіккен киіз үйінен дәм татты. Дастархан басы батыр баба жайлы тағылымы мол тарихи әңгімелерге толы болды. Сужарған ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенбай Ғабдуахитов пен ауданымыздың құрметті азаматы Қабжәлел қажы Әлібек қазынасы шежіре – тарих пен тоғысқан қартарға рухани демалыс сыйлаған аудан әкімдігіне алғыстарын білдірді.
 
                                                                Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
                                                                    Жанкелдин ауданы
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓