Нағыз композитор!
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, белгілі әнші- композитор, жерлесіміз Қалибек Деріпсалдин Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі атанды. Қ.Деріпсалдиннің 130-дан астам әндері мен 5 күйі бар. Оның ең тамымал әндерін Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Мейрамбек Беспаев, «Нұр-Мұқасан» тобы, Ғазиза Жұмекенова, Гүлнар Хамзина, Жанат Шыбықбаев, Гүлнар Үсенова, Арыстан Құрманов және басқалары орындап жүр.
Композитор әр жылдары «Көктем қыздар», «Торғай әуендері», «Айлы түнде», «Домбыра сазы»- «Ерке құсым» ән топтамалары мен «Қимадым ғой» деп аталатын партитуралар жинағын жарыққа шығарған. Бүгінгі таңда Қалибек Қостанайдағы «Мирас» ұлт-аспаптар ансамблінің әншісі.
Айта кету керек, Қостанай-Торғай топырағынан шыққан өнер шеберлерінің арасында Қазақстан композиторлар Одағына мүшелікке Бақытжан Байқадамов пен Әбілахат Еспаев қана қабылданған еді. Енді міне, сол атақты жерлестеріміздің қатарын Қалибек Деріпсалдин толықтырып отыр.