Имам-молдалар аттестациядан өтуде
Дін қызметкерлерінің білімін көтеру мақсатында бүгін Марал ишан мешітінде облыстың аудан, қалаларындағы бас имамдар мен оның орынбасарлары, ауыл молдалары мен азаншылар, барлығы 90 дін қызметкері аттестациядан өтіп жатыр. Олар үш күн бойы ислам құқығы мен сенімі, ҚР Конституциясы, Еңбек Кодексі бойынша сынақтан өтетін болады. Олардан ҚМДБ-нің наиб мүфтиі Серік қажы Ораз, ғалым Сансызбай Шоқанов, бөлім басқарушысы Камалжан Тұрдыбаев сынды барлығы алты дін өкілі емтихан қабылдауда.
-Еліміздің Бас мүфтиі Ержан Малғажыұлының талабы бойынша бүгінде еліміздің әр өңіріндегі дін қызметкерлері аттестациядан өтуде. Мақсат – жергілікті жерлердегі имам-молдалардың білім дәрежесін тексеру. Жалпы, біздің облыстың дін қызметкерлері соңғы рет 2003 жылы аттестациядан өткен болатын. Міне, бүгін жаппай тағы да сынақтан өтіп жатырмыз, – дейді Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің наиб имамы Бақытжан қажы Икрамұлы.
Қарлығаш ОСПАНОВА
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков