Құдыққа құлаған зейнеткер аман қалды

Қостанай обылсында құдыққа құлап кеткен зейнеткерді бес күннен кейін тауып алған, деп хабарлайды «Маяк» газеті.
Оқиға Таран ауданына қарасты Смайлов ауылында орын алған. Қазан айының 2-cі күні қарттарды құттықтауға Орталық алаңға жинаған. Мерекеден кейін кейуаналар үйлеріне тарқасқан, тек Людмила Бикторова ғана жете алмайды. Жалғыз өзі тұратын әжейді ауылдастары тез арада іздеуге кіріскен. Көмекке тоғызыншы сынып оқушысы Раил Раис та үлес қосқан. Тайсон атты итін қасына ертіп, айналаны тінтіп шығады. Бірінші күні бала нәтижесіз оралады, Раил екініші күні төбетінің көмегімен құдықтың түбінде жатқан зейнеткерді тауып алады.

photo_169712

 
Үрейленген әжейді аудандық ауруханаға жеткізеді. Ғажайыппен аман қалған зейнеткердің зейнеті талайды таңқалдырып отыр. Қазір қарт кісінің жағдайы қалыпты. Таран ауданының зиялылары оқушыға тиісті марапатпен құрмет көрсетіп, алғысын айтты.   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓