Қайыр сұрап азаматтардың мазасын алды
Биылдан бастап, қоғамдық жерлерде қайыр сұрап, адамдардың мазасын алғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды.
Қостанай қалалық соты осындай бір азаматшаны қамауға алды.
Наурыз айында 41 жасар Р.атты азаматша Степной көшесіндегі «Гранит» дүкені маңында алақан жайып көмек сұраған. Айыпталушының бұл бірінші жазасы емес. Оның алдында ғана осы қылығы үшін жауапкершілікке тартылған екен.
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оған қатысты үкім шығарды. Сот әйелді 2 тәулікке қамауға алды.
Махаббат Бекбай