Кәсіпкерлер де көмекке жұмылды
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өңірлік өкілдіктері Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуде.Кәсіпкерлер палатасының Әулиекөл ауданындағы филиалының директоры Ермек Мұстафин бүгін Ақмола облысының ӨКП-нан гуманитарлық жүкпен көлік келгенін айтты.
Кәсіпкерлер мен Палата қызметкерлері мектеп формасы мен азық-түліктің жаңа жиынтығын жіберді. Табиғи апаттан зардап шеккен ауылдардың тұрғындары арасында көмекті бөлу бойынша жұмыстар жалғасуда.Bizbirgemiz акциясына қостанайлықтар үшін қиын уақытта бірігіп, көмек көрсететін қазақстандықтар саны артуда
"Біз бұл жағдайды бәріміз бірге бастан өткеріп жатырмыз. Осы ауыр сынақта біз еліміздің барлық өңіріндегі әріптестерімізді ңқолдауын сезінеміз", – деп атап өтті Ермек Мұстафин.
Гуманитарлық жүктердің келуі жалғасуда.