Әзілдер әлеміндегі жас өрендер

"Жайдарман" ойындары көпшілік қауымның жүрегіне жол тауып, тіпті көрмесе тұра алмайтындай жаулап алған қазақша әзіл әлемі. Сол әзіл әлемінде жүрген талантты аға-әпкелерінің ізбасарлары бүгінде мектеп сахнасында, облыстық мектеп лигасы ойындарында керемет өнер көрсетуде.
Айналайын жайдарман
Атап айтсақ, Қостанай қаласындағы №9 орта мектептің 6 "Б" сынып оқушылары Арман Серікқазыев, Ислам Төлеугенов, Темірлан Ережепов, Жансұлу Елкеева. Олар "Жайдарман" ойындарында өнерлерін көрсете жүріп, өзін-өзі сахнада ұстау, сөйлеу мәнері, актерлік шеберлігі, ойын нақты, жүйелі, жылдам жеткізу сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Сынып жетекшісі Әсел Байқадамова топ әзілдерінің мазмұнына мән беріп, таңдап, тіпті киімдері мен сахнадағы жүріс-тұрыстарына дейін қадағалап, ақыл-кеңесін беріп отырады. Оқушы балалар тек "Жайдарманда" ғана ойнап қоймай, басқа да өнерлерімен танымал. Мысалы, Арман керемет ән айтады, музыка мектебіндегі домбыра класының оқушысы. Жансұлу қалалық жасөспірімдер арасындағы гандбол командасының мүшесі. Талай республикалық жарыстарда жүлделі орындарынан көрініп жүр. Ислам болса Ресейдің Сочи қаласында өткен "Маленький мистер" сайысына қатысып, ақтық сайыстың қатарынан көрінді. Темірлан "Жастар" футбол клубының ойыншысы. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓