Жақсылық пен жамандық

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара.
Жақсылық  пен  жамандық
Он екі жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында арпалысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар. – Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен, үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше? Неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз? – деп немересі атасынан сұрады. Жасы жетпіске жеткен ата немересіне күлімдеп қарады да: – Ол иттерім, мен үшін екі таңба, балам, – деді. – Ненің таңбасы? – Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер құсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓