Нариман Семейге барады
Нариман Жұмабаев Ақ-көл ауылындағы А.Қоңқабаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы. Ол күз айына таман Семей қаласында өтетін республикалық "Абай-Шәкәрім" оқулары байқауына барады. Ол өз шығармалары бойынша облыстық кезеңде бірінші орынға ие болып, жеңімпаз атанған еді.
Нариман мектебіміздің мақтанышы. Үлгілі оқушылардың қатарында. Қашанда мектепішілік шараларымыздың қай-қайсысына болмасын белсене араласады. Үнемі ізденіс үстінде жүретін тәрбиелі оқушымыз. Сондай-ақ, "Қостанайбаспаханасынан" шығатын "Жасыл алма" балалар журналының тілшісі әрі тұрақты оқырманы. Нариман алдағы байқаудан да жүлделі оралып, ауданымыз бен мектебіміздің абыройын асқақтатады деп ойлаймыз.. Нариманды барлық үл-кенді-кішілі сол секілді облыстық деңгейдегі байқау-ларға дайындаған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мейрамғали Қоңқабаев екенін айта кеткіміз келеді. Ол да білікті ұстаздарымыздың бірі.
Жанат ТЕМІРОВА,
А.Қоңқабаев атындағы орта мектептің директоры.
Жанкелдин ауданы.