Тәртіптік жауапкершілікке тартылды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша 2015 жылғы 20 қазандағы №39 Тәртіптік кеңестің шешімі негізінде облыс әкімі А. Мұхамбетовтың 2015 жылғы 9 қазандағы өкімімен облыстық білім басқармасының жетекшісі Ә. Төртқараева Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексінің 5-тармағы 3– тармақшасы нормасын бұзғаны үшін ескерту ретінде тәртіптік жауапкершіліккке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде кезекті өткен тәртіптік кеңестің отырысында облыстық білім басқармасының жетекшісі Ә. Төртқараеваға қатысты тәртіптік іс қаралған-ды. Білім жетекшісі өз кезегінде республикалық «Қостанай облысы бойынша бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы»ҚБ филиалы басшысының өтінішін белгіленген заңның тәртібі бойынша өтініш мерзімін қарауға бақылау жүргізген жоқ.