Жерлесіміз – әлем чемпионы
Мәскеу облысына қарасты Калуга қаласында роллерлік полиатлоннан әлем біріншілігі өтті. Латвия, Ресей, Финляндия, Эстония, Украина мен Белоруссия спортшылары бақ сынасты. Ылғи мықтылар бәсекеге түскен спорттық додада Қазақстан намысын жерлесіміз Айбек Байділдинов қорғап, елге жеңіспен оралды.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте Айбек көш бастап, алтын медальға қол жеткізді. Сонымет қатар, осынау ерекше спорт түрінен "Халықаралық деңгейдегі спорт шебері" атағын иеленді. Айбектің спорттық қабілеті мен шеберлігі Ресей жұртшылығын, әлемдік деңгейдегі төрешілерді тамсандырған. Елге абыроймен оралған жерлесіміз арқаны кеңге салмай, спорттық бабын сақтап қалу үшін дайындығын тоқтатпайтынын айтады. Алдағы уақытта да ел байрағын әлем алдында төбеге көтергісі келеді.
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков