“Шығын – 1 млн теңге”. Алтын бұйымдар ұрлаған азамат қолға түсті
Қостанай қаласының полиция басқармасына алтын бұйымдар ұрланғаны туралы шағым бірден үш дүкен мен бутик иелерінен келіп түскен.Барлық қылмыс бір сценарий бойынша жасалған. Белгісіз адам зергерлік бұйымдарды көрсетуді сұрайды, ұзақ уақыт таңдап, сақиналар мен сырғалардың басқа үлгілерін әкелуді сұрайды, ал сатушының назары басқаға ауған кезде, ол бұйымдарды білтіртпей үптеп отырған. Кейін сатып алудан бас тартып, бутиктер мен дүкендерден шығып кетеді. Сатушылар ұрлық жасалғанын тауарларды жинай бастағанда бір-ақ білген.
"Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-тергеу әрекеттерін жүргізу барысында полицейлер облыс орталығының 26 жасар тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас қылмыс жасауға қатыстылығы тексерілуде. Жалпы шығын бір миллион теңгеден асты", – дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.