Оқушылармен интерактивті сабақ өткізді
Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органы құрылуының 20 жылдық мерекесіне орай Қостанай облысының ТЖД басқармасының ұйымдастыруымен «Құтқарушы – бұл өмір салты, оқушыларға – мамандық жөнінде» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты – төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы кезінде оқушылардың қауіпсіз болуларына тәрбиелеу, өз өміріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Сабаққа қатысушыларға өрт сөндіруші мамандығының абыройы, тұншықтырғыш газбен уланған кездегі алғашқы жәрдем көрсету, химиялық-қауіпті объектіде апат кезінде қолданылатын шаралар жөнінде айтылды.


Сабаққа Қостанай қаласындағы № 1 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары қатысты. Оларға берілген дәріс-сабақтар сұрақ-жауап жүргізу арқылы бекітілді.
Бұдан басқа облыстың 72 мектебінің 2016 оқушысы интерактивті сабақты онлайн жүйесінде көрді. Оқыту жүрісін оңтайландыру үшін әр сөзге орай слайд материалдары ұсынылды. Сондай-ақ қазақстандық құтқарушылар жөнінде бейнефильм көрсетілді.


Қостанай облысының ТЖД АҚ басқармасы