Еңбек құқығы – басты назарда
Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына сәйкес, әрбір азаматтың еңбек еткені үшін сыйақы алу құқығы бар. Осы конституциялық норманың орындалуын қамтамасыз ету прокуратура органдарымен жүйелі түрде қадағаланып тұрады. Аманкелді ауданының прокуратурасы 2015 жылдың өткен кезеңіне еңбек туралы заңнаманың сақталуын тексеру кезінде «Аманкелді мал дәрігері» КМК-да тексеру жүргізіп, аталған мекеменің ақпан айы бойынша 54 қызметкердің 1 769 248 теңге жалақы қарызы бар екенін анықтады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, аудан прокуратурасы 17 наурызда «Аманкелді мал дәрігері» КМК директорының міндетін атқарушысы атына заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым енгізіп, ол үстіміздегі жылдың 27 наурызына дейін толық өндіріп алынды. Сонымен, аудан прокуратурасының ықпал етуі нәтижесінде 54 азаматтың конституциялық құқығы қорғалды.
Шұға Қоңқабаева