Құтқарушылар күні аталып өтті
Қостанайдағы қалалық балалар шығармашылығы мектебінің мәжіліс залында ҚР азаматтық қорғаныс қызметі құрылғанына 20 жыл толуына арналған салтанатты жиналысы өтті. Оған қызмет ардагерлері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылды. Қонақтардың алдында Департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы полковник В. Шиллер құттықтау сөз сөйледі. Ол ҚР ІІМ Министрі полиция генерал-полковнигі К. Қасымовтың мерекелік құттықтау сөзін оқыды. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ғ.Нұрмұхамбетов өзінің құттықтау сөзінде қостанайлық құтқарушыларға облыс әкімі А. Мұхамбетовтың құттықтауын жеткізді.
Кәсіби мерекенің құрметіне Департаменттің, құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің үздік қызметкерлері, қызмет ардагерлері Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК ведомстволық наградаларымен, Департамент басшылығының ынталандыру грамоталарымен, сондай-ақ Қостанай облысының және Қостанай қаласының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Құтқарушылар күніне арналған сурет және эссе байқауы жеңімпаздарына салтанатты түрде полковник В. Шиллер құрмет грамоталары мен сыйлықтар табыстады.
Салтанатты жиналыс мерекелік концертпен аяқталды. Жалпы, Қазақстан Республикасы Құтқарушылар күніне арналған іс-шара,Қостанай облысы ТЖД барлық бөлімшелерінде өткізілді.
Қостанай облысы ТЖД Мемлекеттік тіл
және ақпарат тобы