Зейнеткерге жәрдем
Қарабалық ауданындағы Святослав кентінің 72 жастағы тұрғыны Владимир Унгер денсаулығының науқасына байланысты, жеке басын куәландыратын құжатын қайта ресімдеуге көмек сұрап, полицейлерге жүгінген.Владимир Эдмундович бір жарым айдан бері аудан орталығына бара алмайды, оған денсаулығы жарамайды. Ал куәліксіз зейнетақысын ала алмайды. Ауданда осындай мәселелерді жеңілдетуді көздеген "Мобильді ХҚКО" жұмыс істейтін, бірақ пандемиядан туындаған үлкен жүктемеге байланысты, қарияға оларды тағы екі апта күтуге тура келеді.
Полиция майоры Орынбасар Алжанов зейнеткердің мәселесі туралы біліп, дереу аталмыш ауылға барып, Владимир Эдмундовичке құжат рәсімдеуге көмектесті.
Зейнеткер Қостанай облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетовке тәртіп сақшыларының адал жұмысы және азаматтардың проблемаларына мұқият қарағаны үшін алғыс хатын жазды.