Қуаныш сыйлаған ерекше ұтыс!

Қостанай қаласында  «Бақыт депозиті» салымшылары арасында 100 жүлде ұтысқа түсті.
Сіздің «Бақыт депозитке» салған бір мың теңгеңіздің өзі Астанадан пәтер ұтып алуыңызға мүмкіндік береді. Хоум Кредит банкінің басшылығы өз салымшыларының әрқайсысына Астанадан үй алу мүмкіндігін ұсына отырып, осы ауқымдағы шараларды жалғастыруда. Алғашқы пәтер ұтысы 2016 жылғы 16 қаңтарда ойналады және әрбір алты ай сайын қайталанып тұрады. Сыйлық ақшалай баламада 10 миллион теңге мөлшерінде беріледі!

102A7411

Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, ТМД кеңістігінде де бірегей болып саналатын «Бақыт депозиті» 2015 жылдың бірінші маусымынан іске қосылды. Әр ай сайын оның қатысушылары үшін республиканың әр қаласында 100 бағалы сыйлыққа ұтыс ойнатылады. Салымшы бір рет ұтысқа ие болғанымен, келесі ойындарда да үміткерлер қатарында қалады және басты жүлдені алу мүмкіндігіне ие бола алады.
Осындай шара өткен сенбі күні Қостанай қаласындағы «Март» сауда орталығында өтті. Өйткені қала тұрғындарының 60 пайызы Хоум Кредит банктің қаржылық тұрақтылығы мен жоғары кәсіби деңгейіне сенеді.
– Сапалы сервис, клиенттерге деген ілтипат, аз пайызды несиелер, – деп «Хоум Кредит банкі» АҚ ҚОФ клиенті Динара Аюпова  өз ойымен бөлісті. Енді ол «Бақыт депозиттің» салымшысы ретінде жылдың басты жүлдесін де ұтып алсам деп армандайды.

102A7318

Ұтыс ойынының жеңімпазын анықтауға қатысқандар өзіне құрметпен ұсынылған арнаулы тетікті басқан кезде үлкен экранда алғашқы жүз жүлде жеңімпаздарын анықтайтын сандар пайда болды, олардың үшеуі қостанайлықтардың үлесіне тиді. Ашық ұтыс ойыны нәтижесінде жеңімпаздардың аты-жөні белгілі болды. Жеңімпаздардың әрқайсысы Хоум Кредит банкінен 10 мың теңге сомасында құнды жүлделер алды. Іс-шараға қатысқан жеңімпаздарды ұйымдастырушылар сахнаға шақырып, жүлделер мен кәдесыйлар табыс етті, ал, қатыса алмаған жеңімпаздарды телефон арқылы сахнадан тікелей құттықтады. Балаларға арнап әзірленген мерекелік бағдарлама шараның көркін қыздырды.
-Қостанай қаласы «Бақыт депозиті» салымшыларының арасында ашық ұтыс ойыны өткізілген қалалардың бірі болғандығына біз үшін қуанышты жайт. Қаланы таңдау, ең алдымен, ағымдағы айда осы депозит бойынша салымшылардың санымен анықталады және біз республика бойынша ірі қалалардың бірі саналдық. Сонымен бірге Қостанай облысының 62%-дан астам халқы Хоум кредит банкінің клиенті болып табылады. Ал «Бақыт депозиті» акциясы Қостанай қаласы тұрғындарының ең сүйікті салымдарының бірі,- деді өз сөзінде Хоум кредит банкінің Қостанай облысындағы филиалының директоры Айдын Есмолдин.
Ол әдетте басқа банкілердің ұтыс ойынын жабық әдіспен өткізетінін айтып, ал Хоум Кредит банк қана өз акцияларын ашық жүргізетінін жеткізді. Қостанай эстафетаны Қарағанды қаласына берді.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓