Ашық есік күні өтті
Жақында Жітіқара аудандық сотында ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінің мақсаты – тұрғындар көкейінде жүрген сауалдарға жауап қайтару, маңызды мәселелерді талқылау, сот билігінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру болып табылады.
Аталған шараға Жітіқара аудандық сотының төрағасы Н.Бекішев, судья В.Ющенко және Жітіқара СО АААБ-нің басшысы Е.Раисов қа-тысты. Ашық есік күніне барлығы 11 азамат келіп өз сауалдарын жолдады.Төраға келгендердің сұрақтарына толыққанды жауап беріп, олардың оңтайлы тұстарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Келушілер сот төрағасына сот актілерін орындалуына байланысты сұрақтарымен жүгінген, осыған орай Қостанай облысы бойынша сот актілерін орындау департаменті Жітіқара АААБ филиалының басшысы Е.Раи-совқа теріс пиғылды борышкерге тиісті шараларды қолдану туралы тапсырма берілді.Бұдан басқа, келушілер қаланың коммуналдық қызметтерінің сапасыз қызмет көрсету туралы мәселелерімен жүгінген.