Жоғалған жігіт аман табылды
Облыстық ІІД баспасөз қызметі іздеу жарияланған Жасұлан Шәріповтың аман-есен табылғанын хабарлады. Жедел іздестіру шарасы барысында 23 жастағы жігіттің Қостанай қаласындағы танысының үйінде болғаны анықталды. Естеріңізде болса, оның 10 қыркүйек күні із-түссіз жоғалғаны туралы мәлімет жарияланған болатын.
Сондай-ақ, Қостанайда 40 жастағы Гүлнар Молдашеваны іздеу шаралары әлі жалғасып жатыр. Оның жоғалу дерегіне қатысты "Кісі өлімі" бабы бойынша іс қозғалды.