Рухани шыңдалған тұлға

Өмірге келіп, кеткеніңде не мән бар,
жүрегінде елдің қалмасаң.
Фариза.
Тәлім-тәрбие дегеннен шығады, ұлы ағартушымыз Ы.Алтынсарин дінді тәрбие құралы деп қараған. Ол діни оқуды адамгершілікті, гуманизмді насихаттауға бейімдеу керек деп қарады. Осы мақсатпен 1883 жылы "Мұсылмандық тұтқасы" атты оқу құралын жазды. Хакім Абайдың да Ислам діні жайлы білім-парасаты, әсіресе қара сөздерінде анық көрінеді. Ұлы бабалар жолымен Ертай қажы да дінді тәрбие құралы деп санады.
иман
Ал, тәрбие өзін-өзі танудан басталады. Бұл ретте Немат Келім-бетовтің мына бір сөздерін келтірген жөн секілді: " … Егемендіктің киелі қасиетін толық түсіну үшін, Қазақ елінің ресми тарихын ғана емес, рухани тарихын да жақсы білу керек. … Тұтас бір халықтың сан ғасырлық тарихынан хабардар болу үшін, әрбір адам өз отбасының "шағын тарихын, яғни ата-тек шежіресін" білуі шарт" ("Ұлыма хат" эссесінен, 253-б.) Ата-тек шежіресі … Ертай қажы ғұмырының жартысынан астам уақытын арнаған "Үш алаш" кітабы, ғалым Н.Келімбетов айтқандай, рухани тарих іспеттес тамаша туынды. Көлемі де, мазмұны да, әрбір отбасы үшін,көпшілік қауым үшін құндылығы да салмақты кітап деп санаймын. Мазасыз күндер мен түндерді сарп етіп, тірнектеп жиған дерек-мәліметтерді көз майын тауыса жазып , жүйелеп, реттеп халық игіліне жарату оңай шаруа емес. Бұған автордың айтқан мына бір сөздері де айғақ: "Құдай-ау десеңші, өз ата-тегің туралы жазып берсеңші" деп қолқа салсам да, кейбіреулер соған мән бермейді, көңіл бөлмейді ғой". Осылайша Ертай қажының адамдардың енжарлығына, салғырттығына қайран қалып, налығанын өз көзіммен көрдім. Дүние жалған … Ертай қажының халқына бергенінен берері көп еді. Әттең, өмірден ерте өтті. " Рухани жағынан шыңдалған адам ғана өзі үшін де, елі үшін де шексіз мол игілікті істер тындыра алады" деп ғалым Н. Келімбетов айтқандай, елі үшін ерен еңбек етіп, жарқын із қалдырған Ертай қажының есімі ұмытылмайды.
Пиалаш Сүйінкина,
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің оқытушысы,
ҚР білім озаты, Ы.Алтынсарин медальінің иегері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓