Тағы бір шекара бұзушы ұсталды

Қырғызстан Республикасының азаматы өзіне Ресей Федерациясының аумағына кіруге тыйым салынғанын біліп, шекарадан ұрланып өтуге талпынған.
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысындағы департаментіне қарасты «Ақбалшық» шекара бөлімшесінің сақшыларына жедел қызмет уәкілдерінің бірінен шекара шебіне белгісіз жанның бағыт алғаны туралы ақпарат түскен. «Дабыл» пәрменімен жұмылдырылған жеке құрам көп уақытыт өтпей-ақ қырғыз азаматын қолға түсірді.
Тергеу кезінде Қырғызстан Республикасы азаматының Ресейге мемлекеттік шекарамыз арқылы кірмек болғаны анықталды. Ол РФ аумағына кіруге тыйым салынғанын біліп, өзінің  деректерін толығымен өзгертіп алған.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓