Онкүндік өтуде

Еліміз бойынша қазан айының 12-сі мен 21-і аралығында сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында өткүндік өткізілуде. Осыған орай,  облыстық салуатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда.1417737444_11
-Халықтың назарын қатерлі ісік ауруларының алдын алу мен ерте анықтау мәселелеріне аудару, сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтаудың маңыздылығы жөнінде әйелдердің сауаттылығын арттыру, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, уақытылы скринингтік тексеруге (маммография) және салауатты өмір салтына бейімділікке ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан бұл шарадан біздің Қостанай облысы да қалыс қалып жатқан жоқ. Соның ішінде біздің орталық мамандары осы онкүндікке байланысты онколог дәрігерлермен, медицина қызметкерлерімен бірігіп, әйелдер қауымы арасында түрлі тренингтер,  дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізудеміз, – дейді орталықтың валеологы Рабиға Наукенова.

Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓