Енді белсене бастады

Мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) құру жұмысын белсендіру үшін қала әкімдігі мен қауымдастық өкілдерінің тұрғындармен кездесуі жиі ұйымдастырылып жатыр. Өткен аптада 48 жиын өткізілген. Оның ішінде 18 үйдің тұрғындары басқару формасын таңдап, құжаттарын жинауға кіріскен.
ӨКҚ алаңында болған брифингте «Менің үйім» қауымдастығының атқарушы директоры Дархан Ардабаев тұрғын үй қатынасын жаңғыртуға бағытталған бастаманың орындалу барысына шолу жасады.
«Қазір Қостанайда 83 МИБ және 17 ЖС құрылды. Тағы 5-6 үйдің құжаттары тіркеуден өтуге шақ тұр. Көпшілік бүгінге дейін 1 шілдені күтіп, жайбарақат жүрді. Енді бір айға қалғанда жанталасып, қауымдастықтан, тұрғын үй қатынастары бөлімінен көмек сұрап, бәрін түсіндіріп беруді өтінетіндер қатары көбейіп кетті», – деді Дархан Ардабаев.
Ол осы ретте МИБ жөнінде кеңінен түсіндіріп, түрлі мақала жазып жүрген журналистердің еңбегін атап өтті.
Тұрғын үйді басқарудың жаңа формасы енгізілгеніне 2,5 жарым жыл өтсе де, бұл туралы бейхабар азаматтар бар.
«Біз жиырма үйге қызмет көрсетеміз. Тұрғындармен кездесуде жұрттың мұндай жауапкершілікке әлі дайын емес екенін көрдік. МИБ жөнінде білетіні де аз», – дейді «Салимстрой» ЖШС директоры Павел ЛИМ.
Айта кетейік, бұған дейін қызмет етіп келген Пәтер иелері тұтыну кооперативтері 1 шілдеден бастап жұмысын тоқтатады. Олардың орнына, жоғарыда айтқанымыздай, бірлестіктер мен серіктестіктер қызмет көрсетуі тиіс.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓