Тұмауға қарсы егу шарасы басталды
Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мәлімдеуінше, өңірде тұрғындарды тұмауға қарсы вакцинациялау шарасы басталды. Бүгінгі таңда тиісті 43 мың вакцина сатып алынған. Мамандардың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда биыл облысқа жеткізілген вакцина көлемі екі есеге көп көрінеді. Жалпы, өткен жылы өткір респираторлық вирусты инфекциямен 84 мың адам ауырса, тұмаудың А және В түрімен 38 жағдай тіркелген. Ал, биыл күн райының күрт салқындауына байланысты суық тиіп сырқаттанғандар саны мыңға жетіп отыр.