Қуаныш ОРМАНОВ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Ыбырай Алтынсарин мұраларын зерттеу орталығының маманы: Жанарымыз жазудан талмасын!

ОрмановҚой жылы әдетте жаман болмаған. Сондықтан да бұл жылдан көп игілік пен берекені күтемін. Жоспарлаған жұмыс-тарым бастан асады. Соны тез арада тындырып тастасам ба екен деген тілек пен ниет бар. Мәселен, Қамысты ауданындағы Сахаровка ауылының маңайында осыдан миллиондаған жыл бұрын үлкен метеорит түскен. Орны кең шұқыр боп қалып, көлшік пайда болған. Сол жердің тарихын зерттеп жазам деген ой бар. Одан кейін Торғайдағы "Екі дің", "Қызбел діңі", Ақтөбе облысымен шекаралас жердегі "Хан зират" сияқты тың жатқан тарихты қағаз бетіне түсірсем бе деген ниет зор. Сондай-ақ, белгілі ақын, ғалым Серікбай Оспанов екеуміз Ыбырай Алтынсарин туралы біраз зерттеу жасадық. Сол еңбектерімізді қой жылында шығармақпыз.
Қаламгер болғандықтан кейін бар мақсатымыз бен мұратымыз – болашақ ұрпаққа ғибратты дүние қалсын деген тілек қой. Ендеше, қой жылында "жанарымыз жазудан талмасын!" деп барлық қаламгерлерге шығармашылық табыс тілеймін!
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓