Имандылыққа ұйытқан
Ертай қажы ерекше жаралған, дінге құлай берілген, оның терең иірімдерін жақсы білетін жан еді. Қажылыққа Қазақстан тәуелсіз-дігінен кейін алғаш барған, қажылық парызды барынша насихаттап, халықты имандылыққа ұйытқан дін қайраткері болатын. Өзім де, мен сияқты талай мұсылман да, сол Ертай қажының жөн сілтеуімен мұсылмандық бір парызымызды өтеп, қажы болдық. Ертай қажының анасына, жарына, балаларына, ағайын-туғандарына деген шынайы ықылас-қамқорлығы кімге болса да үлгі боларлықтай еді. Жаны жәннатта болғай.
Шолпан қажы Әбділдәкеліні.
Қостанай ауданы.