Кездесу аясында…

Облыс орталығындағы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Қостанай облысы бойынша  департаментінің қызметшілерімен,  Қостанай қаласыны жұмыспен қамту орталығының  мамандарымен кездесу болып өтті.  Кездесу барысында   жоғары оқу орнын бітіруші 4 курс студенттері мен студент жастар тарапынан мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады? Ол үшін қандай заңнамалар мен ережені білу керек? Мемлекеттік қызметші боламын десем, тестілеуді қайдан өтемін? деген секілді сұрақтар қойылды.

DSC_k0486

Студент жастардың алдында ең алдымен  өңіріміздегі мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жетекшісінің орынбасары-тәртіптік кеңестің төрағасы Берген Беспалинов сөз сөйлеп, ЖОО бітіретін келешектегі жас мамандар үшін мемлекеттік қызметке орналасу үшін қандай талаптар мен қағидалардың бар екендігін, тест тапсырудың тәртібін, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа өзгерістер мен реформа туралы, жан-жақты айтып берді.

DSC_0481

 Ал, жұмыспен қамту орталығының директоры Асылхан Мұқашев болса, әрбір  ЖОО-ны бітірушілер жұмысқа орналасу үшін не істеу керектігін,  облыстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жүзеге асырылып жатқан жастар практикасы  туралы толық ақпарат берді. Ол жастарды  облысымызда  жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жұмыспен қамту  бағдарламасына белсене араласуға шақырды. Кездесу соңында  департамент жетекшісінің орынбасары-тәртіптік кеңестің төрағасы Берген Беспалинов жеке қабылдау өткізіп, студент жастардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.
 
 
Гүлназым САҒИТОВА

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓