Облыс әкімі Арқалықта болды
Облыстың оңтүстік өңіріне арнайы жұмыс сапарымен шыққан облыстың жаңа әкімі Архимед Мұхамбетов ең алдымен кезінде осы аймақтың астанасы болған Арқалық қаласына ат басын тіреп, шағын қаладағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, инвестициялық жобалардың жүзеге асуы, қысқы жылытылу маусымының аяқалысы сынды өзекті мәселелермен танысты. Қалада жөндеу жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының жай – жапсарына қанықты.
Түс ауа аймақ басшысы көршілес Амангелді ауданына аттанып кетті.
Мұрат Жүнісұлы