Ш.Уәлихановқа арналған көрме ашылды

Қазақ ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 180 жылдығына арнап "Таудан биік, теңізден терең" атты тақырыпта Қостанай қаласындағы Л.Толстой атындағы ОӘҒК көрме ұйымдастырды.

DSCF6666

 Жерлесіміздің туған күнін атап өту мақсатында деректі кітап көрмесі өткізілуде. Сонымен қатар облыстық тарихи өлкетану мұражайында сақталған 200-ге тарта құнды материалдар, көшірме құжаттар қойылған.DSCF6682
 

Көрмеде хронологиялық жүйе арқылы әйгілі шығыстанушы, ғалым Шоқан Уәлихановтың барлық өткен өмірімен танысуға болады. Сондай-ақ, көрмеден Қазақстан табиғатын зерттеу кезінде табылған қолжазбаларын да көресіз. Аталған іс-шара жылдың аяғына дейін жалғасады.  

DSCF6668

DSCF6669

 
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген автор

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓