Басты міндет – қарызды өтеу

Қарабалықтық ауылшаруашылық тауар өндірушілері «Тобыл» ӘКК арқылы алған 700 млн. теңге сомасындағы несиені 1-қарашаға дейін қайтарулары тиіс. Әзірге берешектің 1 млн.-ы ғана өтелген.егін
Бұл түйткіл жайлы аудан әкімдігінде өткен бірінші аппарат отырысында айтылды. Қазіргі таңдағы күн тәртібінде тұрған мәселе – орақ науқаны. Дүйсенбідегі белгілі болған ақпарат бойынша қарабалықтық диқандар дән алқабының 75 пайызын орған. Жиылмаған танаптың басым бөлігі ЖШС-теріне тиесілі. 8 мың гектардай жер – шаруа қожалықтары орақ салуы тиіс алқап. Жауын-шашынның жиілеуі қолбайлау болып отырғанын айтады диқандар. Майлы дақылдардың бар болғаны 18 пайызы ғана жиналыпты. Басты мақсат – ауа райының мінезіне қарамай шығымды шығынсыз әрі уақытылы теріп алу.   
Аудан әкімі сондай-ақ жылу маусымы мен жол жөндеу, су және жылу құбырларын қалыпқа келтіру мәселелеріне ерекше тоқталып өтті. Басты міндеттеген тапсырмасы – алынған қарыздарды уақытылы өтеуге күш салу. 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓