Құтқарушылар балалар арасында байқау өткізді
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау органдары құрылған күнінің 20-жылдығын мерекелеу қарсаңына орай, қызметкерлердің балалары арасында тақпақ оқу конкурсы өтті. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың арасында патриотизмді қалыптастыруу, құтқарушы сияқты мамандыққа құрметпен қарау.
Байқауға 5-14 жас арасындағы балалар қатысты. Барлық қатысушылар тыңдалды. Конкурстық комиссияның нәтижесі бойынша жүлделі орындар анықталып, мақтау қағаздары және сыйлықтар тапсырылды, сонымен бірге конкурстың барлық қатысушыларыға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша апалы сіңілі Рыбниковалар, Сабина мен Амина жеңімпаздар болып жарияланды.
Қостанай облысы ТЖД АҚБ