Меже 75 пайыздан асты
Ауа райы жаймашуақ танытып тұрған бір апта ішінде облыс диқандары егіннің 75,1%-ын жинап алды. Мәселен, 30 қыркүйектегі мәліметтерге сүйенетін болсақ, астықты өңірде 2,9 млн гактрар алқаптың өнімі орылған. 3,1 млн.тонна дән қызылданды.
Астық түсімі де барған сайын ұлғайып келеді. Қазір шаруалар гектар берекелілігін орташа есеппен 10,5 центнерге жеткізді. Бқл жаман көрсеткіш емес. Бүгінде Аманкелді ауданы дала жұмыстарын толық аяқтады. Наурызым ауданы да орақ науқанынна нүкте қоюға тақау. Олар барлық егіннің 98,5%,-ын орып алды. Қамыстыда – 95,9% ,Жітікарада – 94% орындалған.
Қалған аудандарда да жиын-терім жұмыстары қарқын ала түсті. Әзірге, тек Ұзынкөл ауданында ғана меже 50%-ға жеткен жоқ. Сарыкөлдіктер 54,5%-ке жетсе, Меңдіқара, Алтынсарин,Федоров аудандарында егін орағы екпін ала бастады.
Айтпақшы, облыс астық түсімі бойынша федоровтық диқандар алда тұр. Олар әр гектардан 14,9 центнерден өнім алуда. Қостанай, Сарыкөл,Меңдіқара, Алтынсарин аудандарында да көрсеткіш көңіл қуантады.
Айбек КӘДІРҰЛЫ