Жас ақындармен кездесті

Бүгін облыстық Л.Тостой атындағы ғылыми әмбебап кітапхананда "Толқынды толқын қуады" атты ақындар диалогы өтті. Кездесу кейіпкерлері қостанайлық жас ақындар – Жандос Жүсіпбеков пен Қасқырбай Қойшыманов. Жиналған жыр сүйер қауымның сұрақтарына жауап беріп, өлеңдерін оқып, жұртшылықты әдемі поэзиямен рухани байлыққа кенелтті.  

екеу

Қос ақынның шығармашылығымен танысуға Ғайнижамал Бердалинова мен Нұрболат Мешітбаев сынды ақындар келді. Өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, ақ батасын берді. 

IMG_4438

Екі ақынның да өлеңдері бірінен бірі өтіп, көрнекілігі мен терең ойы көрерменнің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді. Жандос Жүсіпбековтың "Көпірдегі кездейсоқтық" өлеңінің ерекше мазмұны талайларды таң қалдырса, ал Қасқырбай Қойшымановтың "Ренішім саған менің" өлеңі жұртшылықтың қошеметіне ие болды. 

IMG_4449

Жас та болса өз оқырмандарын тауып үлгерген ақындарымыз кездесу соныңда көпшілікке алғысын айтып, жыр сүйер қауыммен естелік суретке түсті. 

IMG_4445

 

Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓