ҚАДІР ТҮНІ: жиі қойылатын 7 сұрақ
-ҚАДІР ТҮНІ ҚАШАН БОЛАДЫ?
-Қадір түні – Рамазан айының соңғы он түнінің бірі. Яғни, он түннің біріне жасырылған. Ал 27-түн – Қадір түні болуы ең ықтимал түн.
-ҚАДІР ТҮНІ ҰЙЫҚТАМАУ КЕРЕК ПЕ?
-Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат – тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға-тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз оқып, садақа беру, ізгілікке ұмтылу.
-ҚАЙ УАҚЫТТА БАСТАЛЫП, ҚАЙ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ?
-Ол күн батып, ауыз ашқан сəттен бастап, таң ататын уақытқа дейін жалғасады.
-ҚАДІР ТҮНІ ҚЫДЫР АТА КЕЛЕ МЕ?
-Қадір түні де, басқа түні де Қыдыр ата келмейді. Ол – қате түсінік. Қадір түнін дұға, тілек, құлшылықпен өткізген адамға бір жыл бойы береке-бақыт, байлық, ырыс-несібе келеді.
-"ҚАДІР" ДЕГЕН СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ ҚАНДАЙ?
-Қадір деген сөз "қадірлі" жəне "өлшем", "тағдыр" деген мағыналарды береді. Ол сөздер бұл түннің аса қадірлі екенін жəне адамның бір жылдық тағдыры өлшеніп берілетін сəт екенін білдіреді.
-ҚАДІР ТҮНІ ДАСТАРХАН ЖАЙЫП, ЕСІК-ТЕРЕЗЕЛЕРДІ АШЫП ҚОЮ КЕРЕК ПЕ?
-Қадір түнінің құрметіне дастархан жаюдың қажеті жоқ. Үйге жақсылық кіреді деп есік-терезелерді ашып қою да – қате түсінік. Керісінше, Алла сіздің дұға жасап, намазға жығылып, кешірімді, мейірімді адамға айналғаныңызды қалайды. Бұл түні сізден өзгеріп, мүлде жақсы адамға айналғаныңызды күтеді.
-ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ЕҢ ЖАҚСЫ АМАЛ ҚАНДАЙ?
-Қадір түнгі ең жақсы амал – Құран оқу, аудармасын оқып, мағынасын түсінуге ұмтылу. Дұға жасау (тілек тілеу), намаз оқу, ата-ананы қуанту.

әлеуметтік желіден