Шөптібай БАЙДІЛДИН Жер бедері тартқан сыр

"Мені ел танымай қалатын болды деп қорыққанша, мен осы елді танымай қалмасам екен деп қорқу керек" деген екен ғұлама Конфуций. Бүгінде қағазға қарап, қолға қалам ұстар елдің, жердің атауларын зерттеп жазар адам сиреп барады. Көптеген азаматтар осы құнды топономикалық салаға немқұрайлы қарайды.
Сан ғасырлық тарихы бар Торғай өлкесінің тарихы терең, сан-алуан. Аса жіті терең зерт-теуді қажет етеді. Көптеген та-рихи орындар өз құпиясын бауырына басып, жер бетінен жойылып тіпті ізі де қалмады.
Қазақ тарихында ерекше орын алатын киелі өңірдің бірі "Ұлы Жыланшық" аймағы. Ертеде осы өзенде жылан өте көп болған. Қазір де солай. Жыланшық деп осыдан аталған шығар.
DSC_0285Осы өңірге ерте замандарда Ұлы қаған Шыңғысхан, баласы Жошыхан, Тоқтамысхан, Ала-шахан, Едіге би, Әмір Темір, Кетбұға, Абылайхан, Қайыпхан, Кенесары хан, Әмір Әбдіғапар, Тоқтамыс, Басалқа сұлтандар, Аманкелді, Кейкі батырлар, Әліби, Ахмет, Мыржақыптар мен көптеген дін басылар, ишан-дар, байлар, бектер, қажылар әулеттері тұрақтап өмір сүрген, ұрпақ өсірген. Бастауын Ұлы-таудың батысынан алатын "Ду-лығалы", "Терісбұтақ", шығыс-қа қарай ойысып барып доғала-нып ашасы тарыла келе Ұлы Жыланшыққа жалғасады. Ара-сында "Шығырлы" аталатын бө-ліктері және бар. Ұлы Жылан-шықтың "Жалаулы", "Ержы-лан", "Кезауыз", "Ойғы әділ", "Қонжар-тұма", "Сауранбай", "Қызыл-Шатқал", "Ақшатау", "Сәкеннің қасқасы", "Сарбұ-лақ", "Қарагер аттың жырасы", "Бозатан", "Талдықара", "Зіл-ғара", "Көшек", т.б. үлкен қо-сымша суы мол салалары бар. Жыланшықтың солтүстік беті ойлы-қырлы, бедерлі болып келсе, оңтүстік беті көбіне біркелкі тегіс болып келеді.
Суы мол салалардың бәрін қысы-жазы ел мекендеген қыс қыстаған, жаз жайлаған. Жы-ланшық өзенінің екі бетінде аң, құс, балығы мол, суы тұщы "Көшкенбай", "Тұңғышбай", "Тәуке", "Мұстафа", "Жиде", "Қияөткел", "Қабанбай", "Бекі", "Зорман", "Асат", "Бекжан", "Тоңаша", "Балпан", "Жәкен", "Жалаулы" атты қарасулары бар.
Осы өңірде аса үлкен "Жорғакөл", "Алакөл", "Үдер-бай", "Бегімбет ала көлі", "Көк-өлең", "Боқай", "Жарбидайық", "Зәуре", "Кезауыз", "Жарып-шыққан", "Арыстан", "Қара-қалпақ", "Қырғы әділ", "Жайық-байдың обалысы", "Оннан"" "Кіндікті", "Жарық", "Қоға", "Брәлінің сасығы", "Түкібай", "Ақкөң", "Бисары", "Дәнен", "Бозшакөл", "Сазанбай", "Дән-сары", "Көшек", "Шиқамыс", "Өгізкөк", "Алабидайық", "Қара-тай", "Әліпбай", "Байтума", "Бозатан", "Ендігі ой", "Талғұй", "Тезек", "Доңыз", "Алабұталы", "Айбалта", "Үшбала", "Жеті-қыз", "Сарықыз", "Қойсалған" атты сулы, қамыс-қопалы көл-дері бар. Кейбір көлдердің аумағы 10 шақырымнан асады. Осы көлдерді құстың көптеген  түрі мен қасқыр, қабан, қарсақ, түлкі, борсық, қоян т.б. аң түр-лері көптеп мекен етеді. Су аз түскен жылдары көлдердің жа-ғалай жиегі шабындық болатын. Өсімдіктің алуан түрлері өсетін бұл аймақта жылқы малын байлар ертеде көп өсірген 1913 жылғы санақта 25 мың жылқы малы болды деген дерек  бар.  Тек осы өңірде ғана өте майлы, құнарлы, малға жұғымды шайыр өсімдігі өседі. Алабұта-ларының биіктігі 2 метрге, көкпектерінің биіктігі метрге жетеді.
1913 жылы патша әулетінің 300 жылдық тойына осы Жы-ланшықтан союға 50 бас қой алдырған. Табиғаты жайлы, өсімдігі жұғымды өлкеде мал өсіруге қолайлы аймақтар көп. "Сарбұлақ", "Сәкеннің қасқа-сы", "Ажықабай түрмесі" жазда салқын. Қой малын өсіруге қо-лайлы, жері бұлақты, суы тұщы болып келсе, "Боқай", "Боза-тан", "Зәуре", "Байтума", "Ендігі ой", "Алакөлдер" ірі қара өсіруге өте қолайлы, сулы, паналы жер.
Жыланшықтың оңтүстік жақ беті жылқы бағуға өте қо-лайлы. Үлкен қыраттар мен те-рең ойпаттар жылқының те-біндеуіне лайық. Әрі өсімдігі ащылы болып келеді де қыста онша қатпайды. Ойпат мұнар-тып, ықтасын болып тұрады.
Ертеде осы өңірді атақты Нұрым, Бектас, Бірәлі, Сейітке-рей, Айкісі, Жанкісі, Асан, Ах-мет, Смайыл, Ыдырыс, Алтын-бай, Тоқаша, Сәкен, Барлыбай, Жайсаңбай, Жанбосын, Көш-кінбай, Шағатай, Жекебай, Бек-жан, Бекі, Қабанбай, Зорман, Жанбосын, Әмір Әбдіғапар,  Шашанбай Рахмет, Зілғара, Қарабай, Әлжан, Көшек, То-бағабыл, Сүтемген, Жәкен, Аға-тан, Жайықбай, Шойынқап, Садуақас, Дәнсары, Бисары, Дә-нен, Жәуке, Байтас, Баймаған-бет, Болат, Мұстафа, Тәуке, Көпжан, Ақтаң, Нұртай атты байлар мекен еткен. Елге құт-береке әкелген дәулетті байлар мешіт, медреселер, ағайын-туыстарына арнап, күйдірілген кірпіштен оюлап қызыл үй, қызыл тамдар салдырған. Осы тарихи жәдігерлер арқылы аттары тарихта қалды.
Жыланшық өзенінің екі бе-тінде ертеде мешіт, медреселер көп болған. Соның ішіндегі ерекшесі Дулығалы бойындағы Арыстанбайұлы Құлмұхаммед ишан салдырған тоғыз күмбезді, тіреусіз, төбесіне ағаш салын-бай тұрғызылған мешіт пен 24 бөлмелі медресе. ХІХ ғасырдағы сәулет өнерінің ғажайып жетіс-тігі, әрі дін орталығы болған. Осы медреседе халық батыры Аманкелді Иманов оқыған. Батырдың туған жері "Балық" қарасуы деп аталады. Мешіттен 8 шақырым жерде.
(Жалғасы келесі санда).
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓