2 мың оқушының өміріне қауіп төніп тұр
Білім саласындағы былықтар толастар емес. Оқушылардың тегін оқулықтармен қамтамасыз етілмеуі білім сапасының төмендеуіне әкеп соғып отыр. Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде облыс бойынша 31 653 оқулықтың жетіспеуінен 3 615 оқушыға тиісті оқулық берілмеген.
Оқу жылының басында облыс бойынша 80 білім беру ұйымы оқу процессіне толық дайын болмай шықты. Белгілі болғанындай, өрт қауіпсіздігі нормаларының қатаң бұзылуына байланысты, 2011 жылы сот шешімімен Сарыкөл ауданың 4 мектебі және Карасу ауданың 9 білім беру мекемесінің жұмысы тоқтатылды. Алайда, төрт жылдан бері аталған мектеп ғимараттарында өрт қауіпсіздігі ережелерінен сақтау шаралар жүргізілмеген, қазіргі күні 2 мыңнан астам оқушының өміріне қауіп төніп тұр, – деді Асқар Сыздықов.
Барлық білім ошақтарында педагог мамандар жетіспейді. Қазір Қостанай облысы 86 педагогқа зәру. Мәселен, Денисов ауданында 12, Қарасу ауданында 12, Меңдіқара ауданында 10 мұғалім жетіспейді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары жиі бұзылатыны анықталыпты.
Алқа отырысында мәлім болғандай, заң талаптарын бұза отырып, Лисаков қаласы мен Сарыкөл ауданының білім бөлімінің мамандары 12 мүгедек балаға оқу сабақтарының саны азайтып, 50 балаға берілуге тиісті сабақтарды мүлдем өткізбеген.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ