Балалар бір жылда астан үш рет уланды

Астан уланудың алдын алу бағытында облыстық білім басқармасының жұмыссыз мардымсыз. Нақты шаралар жүргізілмейді. Ешқандай шара қолданбаудың нәтижесінде 2015 жылдың өткен мерзімінде бір ғана білім ошағында бірнеше рет улану фактілері орын алды. Мысалы, 2014 жылдың желтоқсанында және 2015 жылдың қаңтарында қазақ-түрік лицейінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуынан балалар жаппай уланды. 

тамақ

Оның үстіне, үстіміздегі жылдың 19 мамырында аталған лицейде тағы да 14 бала уланды. Лицей директоры Е.Мырзабаевтың бұған кінәсі бола тұра жауапкершіліктен сытылып кетуі және облыстық білім басқармасының басшысы Ә.Төртқараеваның облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мамандарының тексеру қортындыларын күтпестен, оған өз еркімен жұмыстан кетуіне мүмкіндік берген.

-Сөйтіп, білім беру мекемелерінде балалардың жаппай улану фактілері әлі де орын алуда, ал айыпты тұлғалар заңмен белгіленген жауапкершіліктен осылайша жалтаруда. Бұл дегеніңіз, енді ол қызметін біздің облыста немесе басқа өңірде жалғастыра береді деген сөз, – деді облыс прокуроры Марат Қайбжанов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓