«Алтын белгі» үміткерлері үмітті ақтамады

Облыс прокурорының 1-басқарма басшысы Асқар Сыздықов балалар құқығы және денсаулығын қорғау мақсатында мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріне жүргізген тексеру қортындысына тоқталды:
-Биылғы жылы Қостанай облысы бойынша ҰБТ қорытындысы орташа 78,7 баллды (2014ж.-79,9)  құрады, ал республика бойынша орташа балл 79,7 яғни еліміз бойынша Қостанай облысы 16 облыстың ішінде 9 орында тұр.
Жалпы өңіріміздің 14 аудан-қаласы орташа баллдан да төмен жинаған. Оның ішінде ең төменгі көрсеткіш Аманкелді – 44,4% (2014ж.-31,5%), Алтынсарин – 37,1% (26,9%), Жанкелдин – 52,4% (49,2%), Жітіқара – 30% (30%), Қамысты – 36,5% (41,8%), Наурызым – 31,1% (46,5%) аудандарының еншісінде.
Облыс бойынша 120 үміткердің арасынан «Алтын белгі» аттестатын, тек қана 41 оқушы ғана дәлелдеді. 
алтынМысалы, Қарабалық ауданынан «Алтын белгіге» үміткері 6 оқушының бірде біреуі үмітті ақтамады, ал Арқалық қаласының 8 оқушының арасынан біреуі ғана «Алтын белгіні» ақтады. Мысалға, Қостанай ауданының 8 үміткері арасынан тек екеуі ғана дәлелдеді, облыстық білім басқармасына қарасты қазақ-түрік лицейі мен Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатында оқитын дарынды балалардың ішінде бірде-бір түлек өз білімін дәлелдей алған жоқ, – деді ол.   
Аталған кемшіліктерге қатысты облыстық білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы К.Ибрагимов жауап берді:
– Мұндай өрескелдіктердің өкінішке қарай, орын алатыны рас. Қазір білім беру мекемелерінің алдына жіберілген кемшіліктердің алдын алудамыз. ҰБТ көрсеткішінің төмендеп кетуінің өзіндік себептері бар. Біріншіден, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысқан оқушылар ҰБТ босатылды. Екіншіден, кейбір оқушылар шет мемлекеттерге кететіндіктен ҰБТ тапсырудан бас тартты, – деді ол.
-Неліктен бұл мәселе биыл ғана туындап отыр? Біріншіден, екіншіден, мұғалімдер құрамының сапасына байланысты. Сондықтан төмен балл алған өңірлердің ұстаздарымен қандай алдын алу шаралары жүргізілуде?
Жалпы биыл бітірген түлектердің 20 пайызы тиісті шекті деңгейлік баллды да жинай алмады. Бұл дегеңіңіз, әрбір бесінші бала жоғары оқу орнына түсе алмайды деген сөз. Ал ҰБТ-ден ең төменгі балл алған Жанкелдин ауданының биылғы түлектерінің екінің бірі  осындай мүмкіндіктен айырылып отыр, – деді аймақ прокуроры Марат Қайбжанов.
Айта кету керек, алқа отырысына Ә.Төртқараеваның өзі келмеді, оның орнына облыстық білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы К.Ибрагимов қатысты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓