Стандартқа сай болсын!
Мектеп киімі стандартқа сай болуы тиіс! Бұл жөнінде Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Жаңа оқу жылында ата-аналар мектеп формасын таңдау кезінде ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.01.2016 ж. № 26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алады. Яғни, оқушылардың формасына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалды – классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі.
Ұлдар үшін мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздарға: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.