Ашық сабақ Елбасыға арналды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қостанай мектептерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті. Оған қатысу үшін «ГрИН» Қостанай облысының Азаматтық альянсы қоғамдық қорының төрайымы Динара Өтебаева, облыстық мәслихат депутаты Еркін Әбіл, қалалық мәслихат депутаты Батима Әбдірахманова, елімізге белгілі ақындар, ҚР Жазушылар одағының мүшелері Жолбарыс қажы Баязид, Серікбай Оспанов, Нағашыбай Мұқатов және өзге де зиялы қауым өкілдері арнайы келді. 

444444  

Келген қонақтар сабақ барысында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөліне тоқталды.  Сонымен қатар, Тұңғыш Президент үшін мақтана білуге тәрбиелеу жайы кеңінен айтылды. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа бастамалары талқыланып, келген қонақтар оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

«Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында балаларға Елбасының өмірбаяны, қызметі, ел басқарудағы маңызды сәттері баяндалды. Сонымен бірге, Н.Назарбаев туралы бейнеролик көрсетіліп, ойын түрінде викториналық сұрақтар қойылды.

222

5-8 сынып оқушылары арасында «Әлем мойындаған көшбасшы», «Н.Назарбаевтың қайырымдылық қызметі» тақырыптарына арналды. Сонымен қатар, оқушылар Нұрсұлтан Әбішұлының  жеке қасиеттері жайында білді. 9-11 сынып оқушыларына ток-шоу, дебат түрінде өтті. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Н.Назарбаевтың рөлі" тақырыбында Елбасының дін, тіл, діл саласында еткен еңбектері туралы кеңінен тоқталды.  

33

Осыдан сегіз жыл бұрын 10 желтоқсанда ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін белгілеген еді.

         Айту кету керек, мұндай ашық сабақ Қостанай қаласының 35 мектебінде өтті.

11111

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓