КЕН ОРНЫНЫҢ КЕЛЕЛІ ІСТЕРІ

Өткен аптада баспасөз клубында қонақта "Қостанай минералдары" АҚ басқарма төрағасы Ербол Нұрхожаев болды. Алдымен Ербол Сапарбайұлы акционерлік қоғамның қызметі жөнінде баяндама оқыды.DSCN2376
"Қостанай минералдары" – Жiтiқараның солтүстiк шығысында орналасқан кәсіпорын. Негізгі қызмет түрі хризотил-асбест кенін шығару мен байыту, осы негізде тауарлық асбест өнімін өндіру. Кен байлығы жөнiнен дүниежүзi бойынша 5-шi орындағы, ал Қазақстандағы жалғыз кен орны болып табылады. Сондай-ақ, бұл қазiргi заманның жоғары механикаландырылған, қуатты өндiрiс құралдарымен жабдықталған, автоматтандырылған кен-байыту өндiрiс орны.
Басқарма төрағасының айтуынша, "Қостанай минералдары" осы жылды 150-153 тонна өніммен аяқтайды. Салыстырмалы түрде қарасақ, 2012 хризотил өнімі 241 тоннадан асыпты. Бұл әктасқа деген сұраныстың азаюынан болып отыр. Қуантарлығы, комбинатқа қажет қазіргі заманғы жаңа техникалар сатылып алынды, бұл энергия қуатын пайдалануды біршама азайтқан.
            – Біздің өнім Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қытай және Украина елдеріне жеткізіледі. 74 салада 3000-нан аса маман жұмыс істейді. Бұл Жітіқарадағы жұмысшы тұрғындардың 30%-ын құрайды. Елдегі өндіріс көлемінің қысқаруына қарамастан, «Қостанай минералдары» АҚ-да «жұмысшыларды түбегейлі босату» жоспарланып отырған жоқ. Әсіресе, еңбекке енді араласып жатқан жастарға зор мүмкіндік жасаймыз, – деді Ербол Сапарбайұлы.
Табиғи байлықты өндіруші кәсіпорын Жiтiқара қаласының көркеюiне, халқының әл-ауқатының өсуiне, рухани мәдениетке де айтарлықтай көмек көрсетiп келеді.
Мысалы, моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша қалада "Жеңiс саябағы", "Алматы" жүзу бассейнi, Ержан Тәтiшов атындағы мұсылмандар мешiтi, Христиандар шiркеуi жаңадан салынған. "Абай жолы" аллея бульвары iске қосылған, орталық алаңда субұрқақ жаңартылды. Кеңес одағының батыры Естай Ищановтың ескерткiшi орнатылды, қала берді, оған қала iшiндегі "Еңбекке құрмет", Шортанды көпiр жолындағы 10 тонналық монументтерді қосыңыз. Бұл ескерткіштер "Қостанай минералдары" АҚ-ның шойын қорыту цехында металл-лом қалдықтарынан құйылған.
Байыту кешеніндегі өндірістік жарақаттанудан сақтандыруға, еңбек жағдайларын жақсарту мен өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жұмыс жүргізіліп отырады. Қызметкерлердің кәсіби шыңдалуы үшін көп мүмкіндіктер қарастырылған. Құрылғанына 50 жыл толғалы отырған кәсіпорын қызметін қала халқы жоғары бағалайды.
 
Қасқырбай Қойшыманов

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓