Қауіпті қайдан демеңіз…

           Биылғы қыста қар өте көп жауды. Мәселен, жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда жерге түскен қардың қалыңдығы 85,7 мм-ге жетті. 2014 жылы бұл көрсеткіш 58,5 мм болса, өткен жылы нәбәрі 22,8 мм қар жауыпты.DSC_0052
          Сондықтан, қалалық коммуналдық қызмет, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар қар тазарту жұмыстарына жұмылдырылды.
          Қала әкімі Базыл Жақыпов дүйсенбі күнгі кезекті аппарат кеңесінде мекемелерге тиесілі аумақтардың,ғимарат төбесіндегі қарды уақытылы аршуды тапсырды. Өйткені, оның адам өміріне қауіп төндіруі әбден мүмкін.
        Осыдан екі күн бұрын таңертеңгі сағ 11.00-лер шамасында қала әкімдігінің диспетчерлік қызметіне дабыл кеп түсті. Онда Гагарин көшесінің бойында орналасқан №68-ші үй шатырының қарды көтере алмай, опырылып түскені айтылған. Бұл ғимарат қызмет көрсету саласы бойынша кәсіби білім беретін лицейге қарайды.  Лицейдің 180 оқушысы жедел оқшауландырылып, уақытша сабақтар тоқтатылды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Зардап шеккендерде тіркелмеген. Оқиға орнына қала әкімінің кеңесшісі барып, жағдайды анықтады. DSC_0047
         Қала әкімінің орынбасары  Ерлан Теменов төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма өкілдерінің, білім беру ошағының ұжымының, ТКШ бөлімі, шатырдың жөндеу жұмыстарын жобалаушылар мен мердігерлердің  қатысуымен шұғыл жиын өткізді.
         Қазір шатырды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жағдайды қала басшысы өз бақылауына алған.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓