Мешіт ауласы абаттандырылады
Қостанай қаласының Маяковский көшесіндегі жаңа мешіттің құрылысы ерекше қарқынмен жүріп жатыр. Қазірдің өзінде ақшаңқан ғимараты алыстан менмұндалайды. Алтын өңдес күмбезі күнмен шағылысып тұр.



Жобаның жалпы құны – 91 млн. теңге. Бүгіндері мердігерлікке үміткерлер арасында конкурс өткізілуде. Анықталысымен құрылыс-монтаждық жұмыс басталады.